Әке тәубесі
Әке тәубесі

Бейбітшілік орнаған бұл заманда.
Қарап тұрсаң не жын тиген адамға.
Бірін - бірін келеке ғып, кемсітіп,
Бірін - бірін оқталып тұр талауға.

Мен жақында бір оқиға тыңдадым.
Содан кейін ұғып тәубе қылғаным.
Жүрегімді жібіткен бұл жағдайды,
Баяндамай тұра алмадым, тыңдағын:

Бір жас жігіт болған бұрын Мысырда,
Жақын әсте қанап жеуге, қысымға,
Зинаға да, ішкілікке, күлуге,
Оның ойы еш уайымсыз жүруде.

Талай қызға қорлық қылған жылатқан,
Бірақ өзі мүмін қызды ұнатқан.
Байлығыда, жағдайыда бар еді.
Киімі де, кигені де әдемі.

Жар қып алды мүмін қызды өзіне,
Мысқыл күлкі жиналғандай жүзіне.
Намаз кезі әйелін қор қылатын,
Жын көрініп кеткендей боп көзіне.

Намаз кезі буындырып, тамақтан,
Шаштан сүйреп талай мәрте жылатқан.
Мұндай қорлық көрген жары сонда да,
Риза болған таңдарына әр атқан.

Бір күндері жүкті болып жан жары.
Қуанышқа көміліп ол қалғаны.
Содан кейін босанғанша күн - түні,
Ішіп келіп күндегі әнін салғаны.

Күндер өтіп жақындады күн айы,
Ері болса әдетінше, ұдайы.
Достарымен жиналғаны моншаға,
Жаны кіріп, бал-бұл жайнап шырайы.

Ішті, жеді, күлді әдбен тойынды.
Шарабы да, ыдысыда қойылды.
Сыртқа шыққан, сол ақ екен көшеден,
Бір қадірсіз әрекетке бой ұрды.

Жалғыз аяқ жолдан көрді бір кісі.
Ол бір кісі қартаң ата, үлгісі.
Аяғымен қолы шолақ, көрсоқыр,
Қолындағы таяғымен жер шұқыр.

Әрең басып келе жатыр қиналып...
Жігіт болса достарына қуланып.
Мен сендерді көрде тұрың, дәл қазір,
Күлкіге бір қарқ қыламын, шыдалық:

Деді де өзі барып шалдың таяғын,
Тартып алып, шалып қалды аяғын.
Ал қарт кісі құлап жатыр дөңгелеп,
Ал жігітке күлкі үшін сол керек.

Әбден күлді мазақ қылды атаны,
Бір досының айқайынан тоқтады.
Толғақ , толғақ қысты жарыңды,
Естіп аурухана алдынан табылды.

Ол жеткенше ұл босанған жан жары,
Оны естіп орындалды арманы.
Достарына кешке ішеміз келіңдер,
Деп өзінің соңғы сөзін жалғады.

Ішке кіріп дәрігерге келгені,
Дәрігерден сұрап жатыр әр нені.
Бірақ оның көңіл күйі жоқ еді,
Деді, жігіт , себебі не? Себебі?

Келіншегім тірі ме деп сұрады,
Тірі деді, көңілі жоқ тұр әлі.
Ал балам ше? Тірі ме әлде өлі ме?
Екеуіде тірі, оның бірағы:

Балаң сенің кеміс болып туылған,
Аяғымен мен қолы шолақ, жоғалған.
Көзі оның соқыр және көрмейді,
Балаң тірі , өмір сүрер өлмейді.

О құдірет кетті суып денесі,
Көз алдында әлгі шалдың елесі.
Көз алдында баласының елесі.
Тұрып қалды су алғандай төбесі.

... Қазіргі сәт он жыл өткен осыдан.
Әке жаны баласынан шошыған.
Баласын бұл бір ретте көрмеді,
Еркелетіп, құшақтапта сүймеді.

Оның атын Мехмет қойған бұрында,
Одан кейін тағы бір ұл туылған.
Еркелеткен әлпештеген ол ұлын,
Есімі оның Ахмет деп қойылған.

Бір күні Ахмет кетіп қалған далаға,
Мехмет болса көмектес деп ағаңа.
- "Ахмет, Ахмет" атап жатты есімін,
Әкесі оның жайлап ашып есігін.

- Ахмет жоқ, деді қату айғаймен,
Мехмет болса жақсы деді ол жәймен.
Сосын жылай бастағаны еңкілдеп,
Әке болса жетіп келді желпілдеп.

- Ей сен бала, не жылайсың? деп еді,
- Әке бүгін жұма күні, Ахмет жан,
Мешітке мен апарамын дегені.
Енді інім қай уақытта келеді???

Жұма, йә, жұма күнін білмедім,
Босқа менің өтіп жатқан күндерім.
- Деп Мехметтің түріне бір қарады,
Бойындағы бар жамандық тарады.

- Жақсы кәне, мен апарам жұмаға,
Еңкілдеме, көтер басты жылама.
Деген еді, күлкі бітіп балаға.
Содан кейін аттанғаны қалаға.

Мешіт алды, лық толы адам жиналған,
Халық болса орын берді дәл алдан.
Әке болса сәждеге тиіп маңдайы,
Әсер алған сол уақытта Құраннан.

Намаз бітіп халық тарқай бастады,
Мехмет тұрып , Құран Кәрім ашқаны.
Әке маған оқып берші дегені,
Жауабы тек тыныштықтан аспады.
Қолына алып, Құран бетін парақтап, 
Соқыр бала "Кәф" сүресін бастады.

Әкесінің жанарына жас құйып,
Тұрып қалды, таңырқаумен қасқиып,
Мына бала қалай ғана оқып тұр.
Соқыр еді, бірақ миға тоқып тұр.

Егілгені , құшақтады, баласын.
Кешір балам, бұл әкеңнің санасын.
Жылай түсті, үсті үстіне еңкілдеп,
Өкініштен қос иығы селкілдеп.

Қадіріңді білмеппін ғой, білмеппін,
Сені мүлде еркелетіп, сүймеппін.
Кешір балам, кешір менің боташым,
Бүгін маған көп нәрсені үйреттің.

Деп баласын үйлеріне келді алып,
Түсірместен, дем алмастан қолға алып.
Мұны көрген ана жүрек жылап жүр,
Есік сыртын бақылаумен, ұрланып.

Енді әкесі ажырамай Мехметтен,
Барлық жерге барып көріп емдеткен.
Ақша жинау үшін оның еміне,
Сонау алыс шалғай жатқан ел кеткен.

Сағыныштан ұйықтай алмай түргеле.
Баласына хат жазады түнде де.
Қанша хаттар қалып жатыр жауапсыз,
Ренжіттім бе, артық жазып әлдене.

Деген оймен әке аттанды үйіне,
Үйге келсе жары күтті сүйіне.
Мехметім қайда деп жүгіріп келгені,
Сонда Ахмет былай жауап бергені:

Әке кешір, Мехмет жоқ, ендігі,
Білген болар деп ойладық сен мұны.
Жер қойынына тапсырғанбыз оны біз,
Тағдыр солай, кешіріңіз, ұғыңыз.

Естігенде буындары қалтырап,
Көз жанары сағыныштан жалтырап.
Бейітінің басын тауып отырып,
Жүрегімен жылай түсті, өкіріп.

Балам,
Сен соқырма десем мен соқыр екем адасқан.
Сен мешел ме десем мен мешел екем соры асқан.
Я, Алла кешір пендеңді бұлай адасқан,
Пендеңді кешір адасқан...

Шынымен солай адасқан пенде біз деген,
Құдайдан емес шараптан бақыт іздеген.
Осыны оқып санаға түйсе адамдар
Мақсатым міне көздеген.

 

Бұл негізінде мен тыңдап әсер алған уағыз еді. 

Нұролла МеллятовНұролла Меллятов
9 жыл бұрын 3144
1 пікір
  • Алланың нұры жаусын! "Сен соқырма десем мен соқыр екем адасқан.
    Сен мешел ме десем мен мешел екем соры асқан". Керемет теңеу, казіргі кейбір адамдамдарын хәлі осындай, ащы болсада.....

    9 жыл бұрын
Блог туралы