Ана сыры
Ана сыры

Ана сыры...

Көзіне жас алып отырды бір әйел,
Көз тігіп жұбатпай не ғып тұр мынау ел?
Бұл тағдыр талқыға салыпты байғұсты,
Өзіде өмірден түңіліп жүр әрең.

Бір күні жанына жакындап келдімде,
Жүзінен мұң көрдім, ол мұңды көрдімде.
Не болды деп апай, сұрақты жалғадым,
Толғанып отырған бар ойын бөлдімде.

Балам ,
мен байғұс шешеден не нарсе сұрайсың,
Өмірде күлесің, біресе жылайсың.
Дәм -тұзың таусылып, шарасыз қалсаңда,
Шегінер жол жоқта, бәріне шыдайсың.

Түсіндім ішінде жатқанын зор қайғы,
Ішіңе қайғыны сақтасаң болмайды.
Сырыңды маған айт, жеңілдеп аларсыз,-
Деп едім, бастады шешетай мән - жайды...

Ана едім, жалғыз ұл, жалғыз қыз өсірген,
Сол кезі аулақ ек қайғыдан, кесірден.
Әкесін күтетін жұмыстан келерін,
Сол күндер кетпейді -ау, кетпейді-ау есімнен...

Бақытты едік біз үй іші шуақты,
Баланың күлгені, жанымды қуантты.
Бір үстел басында бақытты болған ек,
ал қазір барлығы өткен түс сияқты.

Бір күні үй іші тыныштық бұзылды,
Сұм тағдыр әкетті, боташым, қызымды.
Жылаумен күн өте, әкетті тағыда,
Жас емес қан тамған бұлыңғыр көзімді.

Көңілден мәз кетті, өмірден мән кетті,
Сарсаңға түсіріп үй ішін әуре етті.
Әр күні сағынып қызының азасын,
Әкесі ішіп ап үнемі әндетті.

Үйдегі жиһаздын барлығын сатқаны,
Жарайды, білсінші, өзінің тапқаны.
Барлығы біткен соң, тиісті, деп ұлға,
- Көшеде қол жайып ақшаны тап, қәне.

Бейкуна жүрегі лап етіп от өре,
Кей кезі қарсы сөз айтам деп, әкеге.
Соққыға қалғанын көңілге ап етене.
Баланың ызасы оянды әкеге.

Үй іші қаңырап сұрықсыз бос қалды,
Бұрынғы ағайын, ең жақын дос қалды.
Осылай шайқалды шаңырақ киелі,
Күйеуім үнемі бос шөлмек жастанды...

Осылай қартайып ертерек жас жаны,
Өрескел қылығын шығара бастады.
Арақпен бір ұрттам тәбетін ашқаны,
Тапқанын арақпен - шарапқа шашқаны.

Ұлымыз екеуміз аш жүріп тарылдық,
Көршіге барып біз ас бер деп жалындық.
Байырғы күндерде қаумалап шықпайтын,
Біздерге күлгені, ағайын-қауым жұрт.

Қайтеміз, ендігі, не істейміз, көнгісіз,
Тағдырдың салғаны төзгісіз, сенгісіз.
Ертеңге беретін сыйыда белгісіз.
Қандай күй кешеміз, қандай күй енді біз?

....Ай-жылдар өткен соң ұлымда ер жетті,
Жағдайы түзеліп, үйленер кез жетті.
Әкесін ұмытты, алысқа қалдырып,
Он жылдың өткенін менде, олда сезбепті.

Үйленіп үй болып құлыным жарады,
Дәрігерге апарып көзімді қаратты.
Емдеді әлемді қайтадан бір көрдім,
Ұлымды, жерімді бір көріп үлгердім.

Көңілді орныққан қайсысы ұға алар,
Сондада көзімде тоқтаусыз жыра бар.
Күйеуін үнемі қасқасын қайнатар,
Келінім боп шықты керіағар,тілазар.

Ұлым жоқ кездері қарсы сөз сөйлейтін,
Орамал тақпайтын, жөнденіп кимейтін.
Моп-момын мінезі барлығын біліп ап,
Ұлымның әркезі үстінен билейтін.

Әр секунд барады қарттыққа жетелеп,
Өмірге не керек мұң шағып, өкпелеп.
Өмірді таниғым келеді деуші едім,
Осының барлығы болғаны көп көмек.

Тағдырдың тағыда түсті бір салмағы,
Кенеттен бір түйір ұлымды алғаны.
Келінім жүзі өтпей үйінен қуғаны,
Атаққа жаздырып су тегін олжаны.

Амалсыз бұрынғы үйіме оралдым,
Өткен күн елесін есіме тағы алдым.
Үй іші шашылған хаттармен толып тұр,
Кембағал көзіммен оқыдым шолып бір.
Хаттарды тізіпті біз жоқта жолдасым,
Оқиын, тыңданыз, тәңірім қолдасын!

-Кешіңдер, жастықпен жолымнан адасқам,
Сендерсіз мендегі төбемде қара аспан.
Қызымды кеткелі алысқа қалдырып,
Ішімдік дейтін бір әлемге жол ашқам.

Сол қызым бір күні түсіме енгені,
- Әкешім мен жалғыз емеспін ендігі.
Ағам бар қасымда, мені енді ойлама,
Деді де, әкетті жүректен белгіні.

Сол кезден білген ем көзімді ашқанды,
Сол кезде сезіндім қателік басқамды.
Кешірші деп жылап қызыма өтіндім,
Ойландым, толғандым дұрыс жол бастауды.

Деп оқып балған ем хаттарды жазылған,
Кенеттен естідім есікті ашылған.
Қарасам бұрылып күйеуім келеді,
Мөлт еткен жанардан тамшысын жасырған.

Екеуміз міне енді қауыштық қайтадан,
Бірақ сол кездерді мен қалай қайтарам.
Осындай өмірді өзіміз жасап ап,
Тағдырға өкпемді мен қалай айта алам

 

Бұл жағдай басымнан өткен, көрген , білген оқиғаларымның жиынтығы. Пікір қалдыра отырыңыздар.

Нұролла МеллятовНұролла Меллятов
8 жыл бұрын 4041
1 пікір
Блог туралы