Сегізаяқ - құбыжық...
Сегізаяқ - құбыжық...

Сегізаяқ - Құбыжық.

Cоқпақ жолда бола алады кім қорған,
Жүрегіңді жаралайды бұл жалған.
Есіткенмін ертеде бір әңгіме,
Алыпқашпа бойымдағы жынды алған.

Жаратқанның жазғанына именсек,
Біреулерге бақыт берер кем өлшеп.
Болған екен жасы отызға таяған,
«Кәрі қыз» боп атанған бір келіншек.

Өкпелейді жоғалтқандай жақұтын,
Өткізгені үшін біраз уақытын.
Әйел болып жаралған соң олдағы,
Сезінгісі келеді ана бақытын.

Тағдыр оны сала берді жөніне,
Қандай бақыт түсі ме әлде өңі ме?
Маңдайына жазғаныма тәңірдің,
Сәті түсіп жар болады серіге.
Екі ғашық армандайды сәбиді,
Армандаумен сан қиялға беріле.
Сері болса торсықтай ұл тілейді,
Тигізетін өз үлесін тегіне.

Әйел болса сүйкімді қыз тілейді,
Қылығымен тамсандырар бір үйді.
Бірақ уақыт өтіп жатыр жастардың,
Көзі үмітті, көңілдері үрейлі.
Тілеулері айдан-айға ұласып,
Жыл өтеді, үміттері үдейді.

Жыл өтеді, арты-артынан жыл өтіп,
Жұбайларды үмітінен суытып.
Қаралмаған тәуіп, емші, дәрігер,
Қалмағаны-ай, пайдасы жоқ бәрі түк.

Екі ғашық ақ үміттің туын ап,
Бес жыл міне өте шықты зымырап,
Жүрегіне тікендей боп қадалған,
Қос жұбайдың жаралаған мұңын ап.
Өмір толы тосын сыйға бір күні,
Жұртты оятып жеті түнде жамырап.
Хабар жетті:- Жүкті болдың сүйінші,
Деп жерлесі дәрігерден бүгін-ақ.

Қуанышы қойынына сыймаған,
Қос жұбайдың көңілі етті үйді алаң.
Аң-таң бәрі, көрші-көлем, ағайын,
Құда –жекжат сырттан келген кей жаран.

Сүйіншілеп бәрі бәрі жүгірді,
Тойда өтті топ ішінде дүбірлі.
Жүрек мұңсыз, көніл сергек, шаттықтан,
Әлем жайнап барлығыда көңілді.
Қос жұбайдын көздеріне жас толып,
Бұдан артық бақыт жоқ боп көрінді.
Таңды күтті, демалармыз кейін деп,
Көз жеткізіп қуанышқа бүгінгі.
Келесі күн дәрігерге барғанда,
Жай отындай көңіл күйі суынды.

Сұмдық айтам, сабыр деді дәрігер,
Естімесін бұл шындықты қалың ел.
Жатырыңда сегізаяқ құбыжық,
Жатыр қазір болар бізге әбігер.

Сондықтанда сәл толғанып көр қызым,
Жанған кезде жаңа –жаңа жұлдызың.
Өкінішті, сегізаяқ құбыжық,
Қалың елден қор болады құндызым.

Сәл ойланып көр қызым,
Ертелі –кеш тездеп түсік жасауға.
Мүлде болмас мұндай сәтте босауға.
Деген кезде тітіркеніп денесі,
Қос жұбайдың кетті көзі жасаурап.

Бұл бір сөздер жатыр жанды шыдатпай.
Тағдыр артқан мынау киын сынақты - ай.
Ас батпады , түн өтпеді, таң атпай,
Қиын, қиын тау тасындай талапты –ай.
Зіл батпан боп қос жұбайдың мойынына,
Орнатылған өтіп шықты төрт апта-ай.
Екеуіде амалсыздан келісті,
Дәрігердің ұсынысын ұнатпай.

Қимастықпен келісті ана бұл іске,
Үкім солай бұрысы не , дұрыс не?
Өз-өздерін бос үмітке сендірді,
Тағыда бір жан бітер деп бұл ішке.

Қимастықпен келісті ана бұл іске,
Сәтті өтті бұл іскеде кіріспе.
Сегіз аяқ құбыжықты суырып,
Алды дағы, қайғы орнатты бұл ішке.

Пенде деген періште ме , жын бе еді?
Тағдырданда пенде ойы сұм бе еді.
Сегіз аяқ құбыжығың төрт егіз,
Болып шықты. - Қарғыс атсын сендерді.
Деді дағы, қос жанарын мұң басты,
35 жыл күткен сәби тумасты.
Күткені үшін бере салды-ау төртеуін,
Төртеуінде өзі қылды жер асты.
Білместіктен қате деген туады,,
Әке ызамен дәрігерге жармасты.
Енді қанша ызалансын бәрібір,
Көндігуден басқа амал қалмасты.
Дәл осылай талай жасты сорлауда,
Араны ашық аборт деген албасты.

болған оқиға желісінен... Бұл нәрседе дәрігерді масқаралау мақсатында емес, түсік тастау яғни аборт  төңірегіндегі мәселе. Пікір қалдыра отырыңыздар.

Нұролла МеллятовНұролла Меллятов
8 жыл бұрын 5100
0 пікір
Блог туралы