Көкек ана
Көкек ана

Көкек ана

Ақырындап келе жаттым кеше мен,
Ай сәулесі түсіп тұрған көшемен.
Бір бойжеткен отыр екен түңіліп,
Хабары жоқ, әкеден де шешеден...

Солқ-солқ етіп жанарына жас алған,
Кеткісі кеп отыр жерге бас ауған.
Көңілдегін сұрап едім айтпады,
Қатып қалған кейіпінде қасарған.

Бір уақытта әңгімесін бастады,
Ағыл- тегіл ішкі сырын ашқаны...
Жүрегіме әсер берді ол қыздың,
Өмірінің ең алғашқы бастауы.

Тек естіген шешесінің қандайын,
Ал жауапсыз әкесінің жағдайын.
Мұны естіп ғибрат алдым өзіме,
Назар қойып тыңдаңыздар, толғайын:

Бір жас сұлу болған екен ертерек,
Кенжетайы үйдің өскен еркелеп.
Әкесі оның бетін қақпай әперген,
Не жесе де, не ішсе де, не керек.

Кенжетай қыз мектеп кезін тәмәмдап,
Қаладағы жүрді оқуын армандап.
Студент боп жүрген кезін қалайтын,
Колледжге түсіп алды, Алла оңдап.

Өмірі оның басталыпта кеткені,
Орындалды бұл арманы, күткені.
Бір күндері құрбы қызы сызылып,
Өтініштен кетердей боп үзіліп:

-Меніменен жүрші құрбым клубқа.
Ұятыңды сен әзірге құлыпта.
Таңға дейін көтерейік көңілді,
Білдірмейміз басқаларға қорықпа.

Деді дағы, еріксізден көндірді.
Клубқа да көп кешікпей үлгірді.
Билеп-билеп шөліркеген кенжетай,
Ұрттап қойды шарап деген құрғырды.
Ары қарай ештеме жоқ есінде,
Не болғанын, не қылғанын кім білді?!

Бұл жағдайдан біраз уақыт өткені,
Қыста дереу борандатып жеткені.
Бірде ару салқын тиіп ауырып,
Дәрігерге сол уақытта беттеді.

Дәрігерге кірді, келді, қаралды,
Ауырсада жүругеде жарамды.
Сүйіншілеп дәрігерін сол жерде,
Жеткізгені қызға суыт хабарды.

-Құттықтаймын, жүкті екенсіз сіз деген,
Енді ісіңіз байланысты бізбенен.
Деген кезде аң-таң болып далаға,
Атып шықты мөлдіреген көзбенен.

-Жоқ, жоқ, мүмкін емес бұл деген,
3 ай бойы мұны қалай білмегем.
Жарты жолда жүкті болып қалдым ба?
Құдай осы қорлығым ау көрмеген.

Енді қалай ауылыма барамын?
Ата - анамның ақ батасын аламын.
Әкесінде білмеймін ғой Құдай - ау,
Оны қалай, қайдан іздеп табамын???

Деп бойжеткен ащы өксікпен жылады,
Не астында жоқ тұрақты тұрағы.
Қалың қыстың аязында сезінбей,
Аң - таң болып ес жия алмай тұр әлі.

... Уақыт жетті, айы күні таяды,
Басылмаған көңілінде қаяуы.
Ісіп кеткен, жылай жылай ақыры,
ағып түскен көзіндегі бояуы.

Түн ішінде толғақ қысып қиналды,
Тек сенімді екі досы жиналды.
Дүниеге әкелгені қыз бала,
Шыр-шыр етіп жылап жатты қозғала.

Ана көңіл қылдай нәзік емес пе?!
Құлақ салмай әркім айтқан кеңеске.
Қоқыс салғыш жәшіктің тұр алдында,
ал қолында, ақ матада нәресте.

Анасына қарап сәби күледі,
Еш жамандық сезбейді ғой жүрегі.
Көздерінде жаңа туған сәбидің,
Анасына махаббаты тұр еді.

Ал анасы оған көңіл бөлмеді,
Ақырында бір байламға келгені.
Тастай салып қос құлағын бітеді,
Сол кеткеннен ақыры мол кетеді.

Ал сәбиді тауып алған қоқыстан,
Пенделер-ай, пенделер-ай шатысқан.
Балалардың үйіне ол берілді,
Содан кейін не көрмеді, не білді?!

5 жасында ес білетін шағы еді,
Күлгеніде, қылығыда әдемі.
Үнемі кеп терезеден қарайтын,
Шашында ол жалғыз өзі тарайтын.

Көзінен мұң көрінетін ап айқын,
Сондықтан ба мұңды қыз деп атайтын.
Бір күні оның түсіне енген анасы,
Арта түсті сәби жүрек жарасы.

10 жасында түнде жылап алатын,
Сағынатын тастап кеткен анасын.
Білмеді де, түрін оның көрмеген,
бір сағыныш кернеп жатыр санасын.

15 жасы ару қызда бойжеткен,
Ақыл жеткен санасына ой жеткен.
Өмірді ол ойлайтұғын ендігі,
Өмірі де, көңіліде белгілі...

20 жасқа жетті , ару , күрсінді,
Анасының келмейтінін түсінді.
Жетімдіктен түңілгені, ұшынды...
Тағдырының тәлкегінен қысылды...

Деді де, ол маған қарай бұрылды,
өзі сондай сұлу екен бұрымды.
-Сол аруың мен деді де, жылады,
Бұл тағдырдың маған берген сынағы.

Ал мен болсам аңтарылып отырмын,
Неткен жанмын, таскереңмін соқырмын.
Бәз біреудің өмірінен түңіліп,
Өз мұңымның құрсауынан құтылдым...

Кеткелі тұр орынынан түре кеп,
Бірге тұрдым сақтайын деп мен әдеп.
Бойжеткенге қарағанда байқадым. 
Жүкті екен ғой, оған немді айтамын... 
.. Менде кеттім, өз үйіме қайтамын... 

 

Бұл оқиға ойдан шығарылған , бір бейтаныс қыздың басынан өткен қиын жағдайы, оны өзгелер қайталамасын деген мақсатта өлеңге тізбектей жөнелдім... Пікір қалдыра отырыңыздар.

Нұролла МеллятовНұролла Меллятов
8 жыл бұрын 7872
0 пікір
Блог туралы