Ар намысын жалау еткен ту қылған,
Аналар бар шыққан биік тұғырдан.
Өмірде олар қайта тұрған, жығылған.
Өкінбеген, тәңір ісін ұғынған.
Миғраж түні! Жәннәт іші жүргенде,
Расулаллаһ назар салды бір жерге.
Беймәлім бір иіс сезді ғажайып,
Ұқсамайтын хош иісі, гүлдерге.
Сұрады ол Жабрейілден:- Бұл не? деп,
(Мұндай иіс бұрын соңды көрмеп ек)
Жабрейілден сонда жауап қайтқаны,
Пайғамбарға ﷺ былай деп ол айтқаны:
Перғауынның заманында бұл- дағы,
Қыздарында қызметші әйел болғаны.
Бір күндері перғауынның қызының,
Шашын тарап жатырғаны, солдағы;
Қолындағы түсіріп ап тарағын,
"Билмилляхи робби" деп ол алғаны.
Сұрап қалды сонда қызы аңғарып,
-Раббың кім? Әкем бе деп, таңданып.
-Жоқ, деді де, Раббы ол, бір Алла,
Әкеңніңде қожайыны бұл Алла.
Әкесіне шауып келді қыз жетіп,
Таңданысын жасыра алмай тездетіп.
Әке сіздің Раббыңыз бар ма еді?!
Бұрын соңды естімедік, білмедік.
Деген еді, кім айтты деп сұрады,
Тәкәппар жан, орынынан тұрады.
Әкеліңдер айтқан әлгі адамды,
деп жебедей сұсты көзбен қадалды,
- Сөйле кәне, Раббың кім? деп едің,
Әйел сонда:- Раббым Аллаһ, білерім.
Ол сеніңде Раббың, және бәрінің,
Деп әлгі әйел кесіп айтты әділін.
Айтқан сөзді қорлық көріп перғауын,
Аждаһаша шашып - төгіп ол зәрін.
Қайтпайынша әйел ана сөзінен,
Жалғастырды азаптауын, қорлауын.
Шаянға да, жыланғада шақтырды,
Біраз уақыт азап уын тарттырды.
Болмаған соң май қайнаған қазанға,
Балаларын бір бірлеп кеп лақтырды.
Қазан болса аямады, жұтқаны,
Бөлек-бөлек ет бетіне шыққаны.
Жөргектегі баласы бар қолында,
Баласына бір қарады, тоқтады.
Тай қазанның дәл алдында тұр еді.
Балам қалсын деген ойға тіреді.
Сол уақытта сәбиіне тіл бітіп,
- Тоқтама ана, бізді Жәннәт тұр күтіп.
Деді де екеу қайнаған түсті қазанға,
Пенденің күші шек қоя алмас ажалға.
Тағдырға налып, түңілу деген күпірлік,
Жаныңды беріп, жаныңды алар өзі Алла.
Бұл жағдай әлі бітпеген еді мұнымен,
Ар-Рахман ием, ар-Рахим ием, ұлы Ием.
Әйел анаға сыйлаған еді бір орын,
Жәннәттың болған төрінен.
Ағайын бізге уағыз бұл жеткен байырғы,
Шымырлап өткен тот басқан мынау бойынды.
Алладан ұлы мейірім күтсең егерде,
Аллаға серік қосудан тазарт ойыңды.
Бұл Арман Қуанышбаев ұстазымыздың уағызынан кейінгі алған әсерден шыққан өлең. Уағыздағы болған уақиғаны сөзбе-сөз жазып шыққан едім